Семейде пойыз жолаушысын зорламақ болған

407
Семей стансасында пойыздардың бірінде жолаушыны зорламақ болған. Бұл туралы IІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл дерек желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеу реестрінде тіркелді. Қазір Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлімі және 24-бабы 3-бөлімі бойынша тергеу басталған.

Бұл баптар бойынша кінәлі деп танылған азамат 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне жария етуге жатпайды, – делінген ведомство хабарламасында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.