ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ «ҚАЛАМГЕРЛЕР АЛЛЕЯСЫ» ЖАБЫЛДЫ МА ?
1 018
Қызылорда қаласы әкімдігінің идеясымен орнатылған қаламгерлер аллеясындағы, «екі орындық, бір қауырсын» бүгінде алынып тасталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Сыр қаламгерлерінің құрметіне қойылған «Қаламгерлер аллеясы» қаламыздың қақ ортасында орналасқан. Қазақ поэзиясына жаңалық болған Ш.Әбдікәрімовтың мекенінде, дарынды ақын Иран-Ғайыптың өлкесінде, әлемге танымал Ә.Нұрпейісовтың, драматургияның шырағы болған Қалтай Мұхамеджановтың құрметтеріне қойылған аллея деп білеміз. «Қаламгерлер аллеясы» деген атауы өте жақсы, бірақ та екі орындық, бір қауырсынмен шектелгендігі өкінішті. Қаншама идеяны талап еткен аллеяның бірінші күндігінде бұзылып, кейін аллеяның орнын таппай қалған жайымыз бар. Яғни, ауыз толтырып айтып жатқан аллеяның орнатылғанына 1 ай толар толмастан екі орындық бір қауырсынды алып тастаған. Осы орайда қала тұрғындары әлеуметтік желі де түрлі сыни-пікірлер қалдырған болатын. Солардың бірқатары:
Яғни қала орталығындағы 2003 жылы ашылған «Жазушылар композициясы» деп аталатын ескерткіш бар екені белгілі. Қалтай Мұхамеджанов, Зейнолла Шүкіров, Әбділда Тәжібаев сынды жазушыларымыздың бір-бірімен шүйіркелесіп отырған бейнесін бейнейлейтін ескерткіштің тұрғанына 19 жыл болды. Ал бүгінде сол дайын ескерткішке екі орындық, бір қаламды орналастырып, атауын «Қаламгерлер аллеясы» деп өзгертіп қайта ашқан болатын. Бірақ сол кеше орналастырылған екі орындық пен бір қауырсынды қайта алып тастады. Ал қазір баз баяғы қалпына қайта келді. Ашылуынан алынуы жылдам болған аллея бүгінгінің көзбояушылық дүниесіндей.
Қарапайым халық өз наразылықтарын айтып жатқаннан кейін жергілікті мекемелердің бірі қалалық ішкі саясат бөлімі де әлеуметтік желіде өз пікірін білдірді.
Дарынды тұлғалар бас қосып, шығармашылық жиын өткізетін рухани орын дейді-мыс. Дегенмен құдды бір адамдар сыртқа шығып, орындыққа отырып демалып, шекілдеуік шағатын кезекті саябақ іспеттес. Қаламгерлер бас қосып, шығармашылықпен айналысатын мекен бүгінде көзден ғайып болып отыр.
Еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастаған, білікті журналист, ақын Есенқара Ханбибі: «қаламгерлер мен өнер адамдары-халық айнасы» деп елімізге еңбектері сіңген қаламгерлерді жоғары бағалаған. Ал сол халық айнасына айналған қаламгерлерге қойылған мына аллея алып тасталынса да аз уақыт ішінде дүйім жұртқа мазақ еткен секілді. Әрине атқа мінер азаматтарымыздың осылай құрмет көрсеткендері дұрыс. Бірақ «тұрса болды» деген үйреншікті сөзге салынбай, көрер көзге тартымды, Қызылорда қаласының мен мұндалап тұратын аллеясы етіп салынса нұр үстіне нұр болары анық.
ТҰМАР ХАНЫМ
Сыр қаламгерлерінің құрметіне қойылған «Қаламгерлер аллеясы» қаламыздың қақ ортасында орналасқан. Қазақ поэзиясына жаңалық болған Ш.Әбдікәрімовтың мекенінде, дарынды ақын Иран-Ғайыптың өлкесінде, әлемге танымал Ә.Нұрпейісовтың, драматургияның шырағы болған Қалтай Мұхамеджановтың құрметтеріне қойылған аллея деп білеміз. «Қаламгерлер аллеясы» деген атауы өте жақсы, бірақ та екі орындық, бір қауырсынмен шектелгендігі өкінішті. Қаншама идеяны талап еткен аллеяның бірінші күндігінде бұзылып, кейін аллеяның орнын таппай қалған жайымыз бар. Яғни, ауыз толтырып айтып жатқан аллеяның орнатылғанына 1 ай толар толмастан екі орындық бір қауырсынды алып тастаған. Осы орайда қала тұрғындары әлеуметтік желі де түрлі сыни-пікірлер қалдырған болатын. Солардың бірқатары:
«Көріксіз, адамды тартпайды қоршаған бардюрлер қалай болса солай салына салған. Азғана уақыттан кейін ұстағанның қолында тістегеннің аузында кетеді- ау» - деді қала тұрғыны Серікқали Тойбазаров.
«Ашық тұрған жерді, қайта ашты! Басында Қаламгерлерге жаңа аллея ашылыпты дегенде қуанып едім. Қалада тағы бір жаңа аллея ашылған екен ғой деп. Сосын ойладым қаламгерлерге арнап ашылса, ерекшеліктер көп шығар деп. Бірақ....», -деді Сағатбек Қуанышбайұлы
өзінің әлеуметтік парақшасында.Яғни қала орталығындағы 2003 жылы ашылған «Жазушылар композициясы» деп аталатын ескерткіш бар екені белгілі. Қалтай Мұхамеджанов, Зейнолла Шүкіров, Әбділда Тәжібаев сынды жазушыларымыздың бір-бірімен шүйіркелесіп отырған бейнесін бейнейлейтін ескерткіштің тұрғанына 19 жыл болды. Ал бүгінде сол дайын ескерткішке екі орындық, бір қаламды орналастырып, атауын «Қаламгерлер аллеясы» деп өзгертіп қайта ашқан болатын. Бірақ сол кеше орналастырылған екі орындық пен бір қауырсынды қайта алып тастады. Ал қазір баз баяғы қалпына қайта келді. Ашылуынан алынуы жылдам болған аллея бүгінгінің көзбояушылық дүниесіндей.
Қарапайым халық өз наразылықтарын айтып жатқаннан кейін жергілікті мекемелердің бірі қалалық ішкі саясат бөлімі де әлеуметтік желіде өз пікірін білдірді.
«Бұған дейін қала әкімі Сыр журналистерімен кездесуде айтылған ұсыныстарды қабыл алып, «Қаламгерлер аллеясын» ашуды жоспарлаған болатын. Ол орын журналистердің ұсыныстарын ескере отырып, Сырдың алыптары – Қалтай Мұхамеджанов, Әбділдә Тәжібаев және Зейнолла Шүкіровтің ескерткіші орналасқан аумақ болып белгіленді. Алдағы уақытта аллея шығармашылыққа жақын жандардың бас қосар алаңына айналып, түрлі шараларды өткізетін рухани орын болмақ. Сонымен қатар, «Қаламгерлер аллеясына» абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарға қойылған» - деді Қалалық ішкі саясат бөлімі.