Елімізде жылдамдықты асырған такси жүргізушілері жұмыстан қуылады

1 545

Pixabay.comКөлік министрлігінің мәліметінше, платформалардың серіктес-жүргізушілері үшін онлайн және офлайн форматта тренингтер өткізу жоспарлануда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Көлік министрлігі жылдамдықты жиі бұзатын inDrive және Yandex Go жүргізушілері тапсырыстарды орындаудан шеттетілуі мүмкін екенін хабарлады. Бұл шаралар inDrive және Yandex Go компанияларымен жасалған меморандумда қарастырылған.



"Осылайша, пайдаланушылардың пікірлері мен рейтингтеріне сүйене отырып, жылдамдықты жиі бұзатын жүргізушілер енді тапсырыс алудан уақытша немесе біржола шеттетілуі мүмкін. Сондай-ақ такси жүргізушілеріне көліктің техникалық жай-күйін тексеру және қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қажеттігі туралы хабарлама келеді", - делінген хабарламада.


Меморандум мобильді қосымша операторларының такси тасымалдаушыларының автомобиль көлігі саласындағы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша шараларды кезең-кезеңімен қабылдауды көздейді.


"Платформа жүргізушілері үшін жол қозғалысы ережелерін, жолаушылармен қарым-қатынас ережелерін және қалааралық тас жолдарда қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша онлайн және офлайн форматта тренингтер өткізу жоспарлануда. Айтпақшы, меморандумды әзірлеудегі басты мақсат – республикалық және жергілікті маңызы бар қалааралық автомобиль жолдарында, сондай-ақ қалаішілік жолдарда пайдаланушылардың қауіпсіздігін арттыру", - деп түсіндірді министрлік.


Сонымен қатар компаниялар биыл ерекше қажеттіліктері бар пайдаланушылардың жеке қажеттіліктері мен балалар орындығы қажеттілігі туралы хабарлауға мүмкіндік болатынына сендірді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.