«Жасыл Қазақстан» жобасы бойынша өңірлерде жұмыстар атқарылуда
«Жасыл Қазақстан» жобасы бойынша өңірлерде жұмыстар атқарылуда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы әзірленіп, жоба 2025 жылға дейін әзірленуі тиіс екендігін айтқан болатын.
Сондай-ақ Ел президенті «елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар өзге де кешенді реформалармен қатар жүзеге асырылуы тиіс. Осы тәсіл бойынша табыс тұзағынан шығып, дамудың келсі деңгейіне өтуге мүмкіндік туады. Сол себептен, біз шын мәнінде, нарықтық әрі еркін, бәсекеге қабілетті экономика құруға бағытталған Қазақстан үшін жаңа экономикалық бағытты жүзеге асырудамыз. «Жасыл Қазақстан» жобасы бойынша жасыл экономиканы, энергия тиімділігін арттыру мен жаңартылған энергия секторларын дамыту арқылы төмен көміртекті даму стратегиямыздың басты басымдықтары саналады. Осы арқылы 2060 жылға дейін нөлдік шығарындыларға азайтуға үлкен мүмкіндік болмақ» деген еді.
Осыған орай, яғни «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бойынша еліміздің әр өңірлерінде бес жылда ормандарға екі миллиардтан аса ағаш пен өңірлерге он бес миллионнан астам ағаш отырғызуға тапсырма берді. Тапмырма бойынша әр өңірлерде көшеттер мен гүлдер отырғызылып, экологияның жақсаруына мүмкіндік берді. Сондай-ақ елдімекендермен облыстар бойынша жоғары оқу орындарда климаттық экономика орталықтары көптеп ашылып келеді. Мәселен, жақында ғана Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде климаттық экононмика орталығының ашылуына қатысты білім ордасында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысының Климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі, профессор Рае Квон Чунгпен бірге кездесу өткізілді. Кездесу барысында прфессор Чунг әлемде болып жатқан клматтық өзгерістерге тоқтала отырып, оның экономикаға әсері туралы, клматтық өзгерістергетөтеп беруде ғылымның рөлі зор екенін айтты.
Соған сәйкес, екі жақтың келісімімен Әуезов университетінде «Рае Квон Чунг атындағы климаттық жаңа экономика орталығы» ашылатын болады. Орталықта тұрақты даму, жасыл технологиялар мен климат өзгеруінің ауыл шаруашылығына әсерін азайту қағидаларына негізделген экономикалық дамудың жаңа моделі қалыптасады. Сол арқылы
Ал өңірлерге ағаш отырғызу жұмыстарына келсек, Қазақстан Республикасының Президентнің жолдауына сәйкес, бес жылішінде елдімекендерге он бес миллионнан аса ағаш отырғызу тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Мекенім – жасыл орманым» ағаш отырғызу рісімі өтіп, мың түп ағаш отырғызылды. Орал облысында аймақтарды тазалау жұмыстары жүргізіле отырып, 128 дана түпағаш отырғызылды.
Аталмыш акция Алматы қаласында да жалғасын тапты. Соның ішінде Түрксім ауданында республика күніне орай Желтоқсан саябағында Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен бірігіп саябаққа жас ағаштар отырғызылды. Сонымен қатар Сүйінбай даңғылы мен Бұқтырма көшелеріне он бес мың бірлік бұта отырғызу жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін жиырма екі мыңға жуық ағаш отырғызылады деп күтілуде. Қарағанды облысы да акциядан құр алақан емес. яғни, Қарағанды облысы Теміртау ауданында жаппай көгалдандыру бойынша 15 мыңнан астам ағаш «Металлург» саябағына отырғызылды. «Жасыл Қазақстан» Жасыл белдеулердіқұру жұмыстарына «Арсело Миттал Теміртау» компаниясы қатысып, бірнеше жылда қала мен аумақтарға жарты миллионнан аста ағаш отырғызуға уәде берді. Соның бастамасы ретінде отыр мың көшет пен жасыл желек отырғызылып, күзде жетпіс мың көшет отырғызылады деп күтілуде. Сондай-ақ «Металлург» стадионының жнына бір мың алты жүз елу жапырқаты ағаштар, яғни алма, құс ие, татар үйеңкі ағаштары мен 14 мыңға жуық кішкентай жапырақты қарағай көшеттері отырғызылады. Ал көгалдандыру жұмысы Қазақ орман шарашылығы мен агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты мамандарыныңңқатысуыменжүзеге аспақ.
Экологияны тазарту, экономиканы көтеруге қатысты Ақтөбе облысында да «Менің атаулы ағашым» жалпықалалық акциясы өткізілді. Онда «Жасыл еңбек» жасақтарының қатысуымен Қазақстан Республикасының президенті саябағында және Болашақ, Есет батыр атындағы саябақтарда екі жарым мың түп ағаш отырғызылды. Ал ағаш отырғызу акциясы бойынша Түркістан облысы топ жарып тұр. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына сый ретінде аймақ отыз миллион түп ағаш отырғызған. Бұл елдің экологиясы мен климаты үшін үлкен үлес деп білеміз.
Еліміздің экологиясының жақсаруына қатысты тағы бір жақсы жаңалық бар. Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелендіру іске қосылады деп жоспарлануда. Яғни «Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы индустрия және нфрақұрылымдық даму министрліктері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингімен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу үшін жеңілдетілген несиеберу мәселесін қарастыруға кірісіп кетті. Бұл да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметтің кеңейтілген отырысында жасыл энергия, жасыл экономикасын дамытуда ауыл шарашылығы техникларын сатып алу үшін жеңілдетілген несие беру тетіктерін енгізуді тапсырған болатын. президент тапсырмасына орай елімізде атқарылып жатқан жұмыстардың легі осындай. алдағы уақытта да «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бойынша әлі де жұмыстар атқарылабереді деп сенеміз.