Дубай шейхы үйден қашып кеткен келіншегіне 730 миллион доллар өтемақы төлейді

412

Біріккен Араб әмірліктерінің премьер-министрі, Дубай шейхы, миллиардер Мұхаммед бен Рашид әл Мактум бір жыл бұрын үйден екі баласын алып қашып кеткен әйеліне қомақты қаржы төлейтін болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Бұл ақша оның әйелі мен екі баласының тұрмыс-тіршілігіне берілмек.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, отбасылық мәселеге байланысты бұл рекордтық өтемақы саналып отыр. Енді 72 жастағы Дубай әміршісі алтыншы әйелі Хайяға 330 миллион долларды өтемақы ретінде аударуға және балаларды күтіп-бағуға деп тағы 385 миллион доллар беруге міндетті. Сонымен қатар балаларының қауіпсіздігі үшін тағы өмір бойына 7,3 миллион доллар төлеуі тиіс.

Еске салайық, вице-министр әйелі осыдан біраз уақыт бұрын өзінің жеке қорғаушысымен көңіл қосып, күйеуінің көзіне 2 жыл бойына шөп салғаны белгілі болды. Кейін күйеуінің ашуынан қорқып Лондонға қашты. Енді Ұлыбритания соты келіншектің құқын қорғау үшін осындай үкім шығарып отыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.