Қызылорда облысында полицейлер марихуана өсірген екі плантация тапты

215

Қызылорда облысында полицейлер жасанды жолмен өсірілген марихуана плантацияларын анықтады. Бұл туралы брифингте Ішкі істер министрлігінің өкілі Ақтоты Боранова мәлім етті, деп хабарлайды  «Opennews.kz» ақпарат агенттігі   Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Есірткі өсірген

Қызылорда облысында полицейлер құрамында есірткі бар өсімдік өсірген тұрғынды ұстады. Жаңақорған ауданында Сырдария жағалауында 51 жастағы ер адам кендір өсірген. Айта кетерлігі, арнайы өсірілген қарасора қазірдің өзінде екі метрге жетті. 90 бұта табылды- дейді  Ішкі істер министрлігінің өкілі Ақтоты Боранова.

Оның айтуынша, полицейлер егістіктен бөлек, азық-түлік, генератор, су сорғыш, балта, бұрағыштар, қарасораны өсіруге және қазуға арналған күрек тапқан.

Сондай-ақ брифингте полицейлер Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жуантөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 45 шақырым жерде шеңгел мен сексеуіл ормандарының арасынан жасанды жолмен өсірілген марихуана өсіретін тағы бір плантацияны тапқаны айтылды.


Айтуынша, егінін бейтаныс көздерден қорғап, жақындап келе жатқан көліктердің дөңгелектерін тесіп өту үшін жолға қолдан жасалған металл шыбықтарды шашқан. Анық болғандай, ол 37 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.


Полиция 4 мыңнан астам бұтадан бөлек, азық-түлік, сорғы, шатыр, су моторы, 20 метрлік шланг, күрек, кендір өсіруге және қазуға арналған кетмен тапты- деді  Ақтоты Боранова.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.