«Қатарластарына тыныштық бермеген» оқушылар арасындағы жанжал
1 509
Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық соты қатарластарына үнемі қысым көрсетіп, оларды жұмысқа салып, буллинг көрсеткен үш балаға қарасты істі қарады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Үш оқушы да кәмелет жасына толмағандықтан, сот олардың ата-аналарын жазалаған.
«2025 жылдың желтоқсан айында Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылындағы орта мектептің 3 кәмелетке толмаған оқушысы жүйелі түрде мектеп оқушыларына қысым көрсетіп, оларды әртүрлі жұмыстарды орындауға тарту арқылы буллинг (оның ішінде кибербуллинг) әрекеттерін жасағандарын анықталды. Олардың кінәсін хаттама, оқиға туралы хаттар, жәбір көрген балалардың арызы мен түсініктемелері дәлелдеген», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Сотта үш баланың ата-аналары кінәларын мойындап, кешірім сұрап, болашақта мұндай жағдайларға жол бермейтіндерін айтқан. Сот ата-ананың әрқайсысына 43 250 теңге көлемінде айыппұл салған.







