Аурухана қызметкерін пышақтап кетті

373
Батыс Қазақстан облысындағы аудандық аурухананың қызметкері пышақ жарақатын алған, деп хабалайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сағат 13.22-де Ақжайық ауданы Чапаево ауылындағы орталық аудандық аурухананың жедел жәрдем бөліміне пышақ жарақатынан зардап шеккен 27 жастағы әйел жеткізілген. Ол құрсақ қуысы, кеуде және мойын тұсынан пышақ жарақатын алған.

«31 жастағы күдікті анықталды. Ол да дене жарақатымен Орал қаласындағы ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.


Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы және 99-бабының 2-бөлігі (Кісі өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шегушінің облыстық ауруханада қосымша қызметкер болып жұмыс істейтінін растады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.