Қымбат мектептің қызметкері екі қызды зорлаған

804
«НеМолчи» ұйымына Алматыдағы қымбат мектептердің бірінде қызмет ететін ер адам екі қызды зорлағаны жайлы хат келіп түскен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қор басшысының айтуынша, бұл ұйымға көбіне өзін қорлаған адамдарды жазалай алмай әбден күдер үзгендер хабарласады. Дегенмен Дина Таңсәрі атап өткендей, біраз хаттың иелері бүкіл жұмыс пен жауапкершілікті ұйым қызметкерлеріне іліп қойып, өздері қол қусырып отырады.

Таңертең бір әйелден хат келді. Ол өз-өзіне қол жұмсағысы келетінін жазған, бірақ өзін қорлаған адам туралы жаза келе, оны жазалауды бізге тапсырыпты. Алайда оған өзі сөйлесіп, өзі күреспесе, іс бітпейтінін айттым. Полицияға арыз түсірудің жолын сілтеп, оның ісін өз облысына қарасты полиция департаменті басшысының орынбасарына тапсырдық, - дейді Дина Таңсәрі.

Сондай-ақ
жазбасында ол Алматыда болған тағы бір оқиғаның шетін қайырды.

Содан кейін тағы бір әйелден хат келді. Оның айтуынша, оның екі сіңлісін бір ер адам зорлаған және қазір ол адам Алматыдағы қымбат мектептердің бірінде жұмыс істейді. Екі қыз арыз жазуға жүрексінген, олар орталары білсе, ұятқа қаламыз деп қорқады. Оның үстіне, әуел баста полиция олардың қорқынышын, басынан өткен жағдайды мүлде елемеген, - дейді Дина Таңсәрі.

Қоғам белсендісі жәбір көрген екі қыздың тарапынан ешқандай арыз түспей отырғандықтан, ер адам туралы ақпаратты жария ете алмайтынын айтады.