Қарағандыда автобус төбесінде билеген тиктокер жүргізуші жол апатына ұшырады
610
Қарағандыда екі автобус соқтығысты, көлік жүргізушілердің бірі - Айдос Аринов. Жол апатынан бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты Гапеев көшесінде болды. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды.
Автобустар соқтығысқан кезде тиктокер Айдос Аринов Yutong маркалы №43 автобусты жүргізіп келе жатқан. Shaolin маркалы екінші автобус жүргізушісі жол апатына себепкер болғаны хабарланды.
Оқиға полицияда тіркеліп, ол бойынша тиісті сараптамалар тағайындалғаны белгілі болды. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Оқиға туралы тиктокер жүргізуші Айдос Ариновтың өзі де пікір білдірді. Ол өзінің Instagram парақшасында болған жағдай туралы айтты. Ариновтың айтуынша, оның болған апатқа кінәсі жоқ.
Сондай-ақ, ол екі көлік қалай зақымданғанын көрсетті. Оның жүргізуші жақтағы айнасы сынған, Shaolin маркалы автобустың айнасы жоқ.
Видеолардың бірінде ол наркология бойынша медициналық тексерістен өткенін, автобусын жөндеуге шығаратынын айтты.
Сонымен қатар, желіде пікір білдірушілер екі топқа бөлінді. Кейбіреулер тиктокер жүргізушіні қолдаса, екінші жартысы өзі жол ережесін жиі бұзатынын айтады.
"Міне, телефонда отырғанда не болатыны", - деді бір қолданушы.
"Тиктокты аз түсіру керек. Билеп болдың", - деп жазды тағы бір қолданушы. "Ол автобус жүргізіп келе жатқан кезде, жолда видео түсіреді. Бұл қауіпті. Ол адамдарды тасиды", - деді сын айтқан үшінші қолданушы.

"Жол апаты 26 желтоқсанда сағат 16.40-та Гапеев көшесінде болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Shaolin жүргізушісі бұрылып, жол бермей Yutong маркалы автобуспен соқтығысқан. Нәтижесінде, көліктерге механикалық зақым келді. Медициналық көмекке Shaolin автобусының 14 жастағы жолаушысы жүгінді", - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Оқиға полицияда тіркеліп, ол бойынша тиісті сараптамалар тағайындалғаны белгілі болды. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Оқиға туралы тиктокер жүргізуші Айдос Ариновтың өзі де пікір білдірді. Ол өзінің Instagram парақшасында болған жағдай туралы айтты. Ариновтың айтуынша, оның болған апатқа кінәсі жоқ.
"Адамдарды Гапеев көшесіндегі соңғы аялдамаға түсірдім. Ал екінші автобус жолаушыларды түсірмей, менің алдымда бұрыла бастады. Дереу тоқтауға тырыстым, бірақ бұл да көмектеспеді. Себебі ол аялдамада тұрған адамдарға асықты", - деді Айдос Аринов.