Маңғыстауда пара алған антикор тергеушісі 15 млн теңге төлеп құтылды
Маңғыстауда пара алған антикор тергеушісі 15 млн теңге төлеп құтылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі
Әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлық қылмысы (пара алу) үшін Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотталған тергеушісі А. Ізбасар туралы ақпарат тарап жатыр.
Ізбасарға қатысты Ақтау қалалық соты үкім шығарған, ол заңды күшіне енді.
Үкімге сәйкес Ізбасарға арнайы атақтан айыра отырып, 15 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ, сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды.
Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекетке, сондай-ақ агенттік мәртебесін алаяқтық мақсатта пайдаланатын адамдарға тап болсаңыз, мына байланыс желілеріне хабарлаңыз:
8 7172 909 372 (37)
e-mail: uvb@antikor.gov.kz
Call-орталығы – 1424