"Гранттан бас тартуға мәжбүрміз": Жатақханадан орын ала алмаған студенттің анасы жанайқайын жеткізді
462
Жатақханадан орын ала алмаған студенттің анасы мемлекеттік гранттан бас тартатынын мәлімдеді. Олар тығырықтан шығудың басқа амалын таппаған. Сәуле Сәрсембаева шалғай қалада пәтерді тәулігіне жалдауға мәжбүр қызының денсаулығына алаңдайды. ЖОО басшылығы ата-ананың жанайқайына жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Көкшетау мемлекеттік университетінің 2-курс студенті Дильназ Беріктің анасы Сәуле Сәрсембаева қызының жатақханадан орын ала алмағанын айтады. Баласы үшін шырылдаған ата-ана қызының бір тәулікке жалдайтын пәтерлерді жағалап жүргенін жеткізді. Қызылорда қаласының тумасы солтүстік өңірде бірде-бір туысы жоқ екенін алға тартты.
Студенттің анасы Сәуле Сәрсембаева егер жатақханадан орын берілмесе мемлекет берген гранттан бас тартатынын желіге де жазды.
"Маған баламның амандығы маңызды. Биыл елдегі эпидахуалға байланысты жатақхананың 50 пайызына ғана студенттерді қабылдайды екен. Вирустың таралуына жол берілмеуі үшін осындай шешім шығарылған. Бірақ менің балам бірнеше студент достарымен бірлесіп бір бөлмелі уақытша (посуточная квартира) пәтерден-пәтерге көшіп жүргеніне бүгін алтыншы күн. Алғашқы күні бір бөлмелі пәтерге 10-15 бала орналасқан. Себебі, солай пәтер ақысы арзан болады. Бұл жерде ешқандай санитарлық жағдай жоқ екені белгілі", - дейді Сәуле Сәрсембаева Facebook парақшасында.
Ата-ана алыстан келген студенттерді жатын орынмен бірінші кезекте қамтамасыз етуді талап етеді.
"Жалдамалы пәтердің құны көкке ұшып тұр. Қалта көтеретін пәтер жоқ. Сонда балам еш туысы жоқ, бөтен қалада сандалып қашанғы жүрмек?", - дейді тығырыққа тірелген ана.
Сәуле Сәрсембаева студенттердің жатақхана мәселесін шешіп беруді сұрады.
"Әйтпесе, мемлекет берген гранттан жатақхана болмағаны үшін бас тартып, оқудан шығарып алуға мәжбүрмін. Себебі, баламның денсаулығы мен үшін қымбатырақ", - деп түйіндейді ол жазбасын.
Аталған мәселе бойынша ЖОО-ның өкілі Ғалым Байтүк Facebook парақшасында жауап берді. Университет проректоры бүгінгі таңда бірінші курс студенттерін жатақханаға орналастыру жұмыстары аяқталғанын жеткізді. Ғалым Байтүктің сөзінше, қазір қалған бос орындар бойынша екінші курс студенттері мен әлеуметтік аз қамтылған топқа жататын отбасынан шыққан студенттерден келген өтініштер қарастырылуда.