Дариға Назарбаеваның құдасы Қайрат Боранбаев түрмеде емес – дереккөз

567


Коллаж. Orda.kzРЕСПУБЛИКА.KZ.media Telegram-арнасының хабарлауынша, Дариға Назарбаеваның құдасы Қайрат Боранбаев қазіргі таңда түрмеде емес,- деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы мұғалімдерге Алматы облысы Талғар ауданындағы мектеп директоры Боранбаевтың туысы Бақыт Елшібаева айтқан. Директор қазіргі таңда ықпалды туысының атын жамылып, мұғалімдерді қорлап, оларды жаппай жұмыстан шығарып жатыр.

Жауапты органдар ақпаратқа қатысты әлі түсініктеме бермеді.


Еске салсақ, 15 наурызда Қайрат Боранбаевты Алматыда қаржы мониторингі агенттігінің орталық аппаратының қызметкерлері ұстағаны белгілі болды. 16 наурызда Боранбаев Нұр-Сұлтанға жеткізілді. 17 наурызда белгілі заңгер, жер құқығы жөніндегі сарапшы Бақытжан Базарбек Алматының экс-әкімі мен «Нұр Отан» (қазіргі «Аманат») партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Боранбаевт жер телімі бойынша алаяқтық жасады деген күдігімен бөлісті. Сол күні Боранбаевтың ұсталғаны ресми түрде расталды.



Қайрат Боранбаев – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы келіні Әлима Боранбаеваның әкесі.