Бұта құлауынан он жастағы бала қаза тапқан
11- ші ақпан күні Шымкент қаласының Еңбекші ауданында көпқабатты тұрғын үйдің ауласында ағаш бұтасы құлап, 10 жастағы баланы мерт қылған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Құқық қорғау органдары қайғылы жағдайды растаған.
Куәгерлердің айтуынша, қалың қардан Елшібек батыр көшесіндегі №114 үйдің ауласындағы ағаштың бір бөлігі сынып, баланың үстіне құлаған. Ауыр жарақат алған бала жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған.
Қайғылы жағдай болған жерде жедел қызмет өкілдері жұмыс істеген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алайда ресми органдар әзірге ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ.







