Бұта құлауынан он жастағы бала қаза тапқан

1 519

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скриншот11- ші ақпан күні Шымкент қаласының Еңбекші ауданында көпқабатты тұрғын үйдің ауласында ағаш бұтасы құлап, 10 жастағы баланы мерт қылған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Құқық қорғау органдары қайғылы жағдайды растаған. 

Куәгерлердің айтуынша, қалың қардан Елшібек батыр көшесіндегі №114 үйдің ауласындағы ағаштың бір бөлігі сынып, баланың үстіне құлаған. Ауыр жарақат алған бала жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған.

Қайғылы жағдай болған жерде жедел қызмет өкілдері жұмыс істеген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алайда ресми органдар әзірге ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.