Жауын-шашын салдарынан әуежайды су басты

1 515

Фото:© Berkut 001 Telegram-арнаАлматыда  жаңбыр жауып, бұл жолы әуежайды су басты, су шатырдан тікелей ғимарат ішіне ағып, тексеру және паспорттық бақылау аймақтарын басып қалған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz сайытына сілте жасап.

Желіде Алматы халықаралық әуежайы аумағын су басқаны түсірілген фото-видео тараған. Кадрдан ғимарат ішін тазалап жүрген қызметкерлерді көруге болады. Жолаушылар су басқанына ғана емес, терминалдағы ұзаққа созылған жөндеу жұмыстарына да шағымданған.

“Жаңа Алматы әуежайы. Бұл қалай болғаны? 20 минут бұрын паспорттық бақылаудан өтіп, лаунжға көтерілген едік, осындай жағдай болды. Барлығын су басып кетті. Тексеру аймағын да, паспорттық бақылауды да су басты. Компьютерлерге дейін су тиген. Бәрін жауып тастады, ешкімді кіргізбейді. Әуежай жұмысы тоқтап тұр. Қашан ұшатынымыз белгісіз”, - деп жазды куәгер.

Тағы бір жолаушы: “Жақында осы әуежайдан ұштым. Шынымды айтсам, таңғалдым. Барлығы жөндеуде. Мұндай жағдайда жолаушыларға қалай қызмет көрсетуге болады?”, - деп пікір білдірген.

Ал әуежай тарапы екі терминалды да су басқанын растаған.

 “Қатты жауын-шашын салдарынан Т1 және Т2 терминалдарының жекелеген бөліктерінде шатырдан су өткен. Оның салдары 30 минут ішінде жедел түрде жойылды. Жағдай рейстердің ұшуына әсер еткен жоқ. Қазір әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Инфрақұрылым тексеріліп, жағдайдың себептері анықталып жатыр. Алдағы уақытта алдын алу шаралары қабылданады”,- делінген хабарламада. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.