Ақылы жолда асфальт жарылып, көліктер зақымданды
Желі қолданушылары Астана – Павлодар бағытындағы ақылы автожолдың бүлінген тұстарын көрсететін фото және видеоларды жариялады. Бейнематериалдардан асфальттың көтеріліп, жарылғаны, сондай-ақ кейбір жерлерде бетон жамылғысының опырылып қалғаны анық байқалады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бүлінген жолдың кесірінен бірнеше автокөліктер зақымдалған. Көлік жүргізушілерінің айтуынша, жолдағы апаттық жағдай 12 маусым күні пайда болған.
“ҚазАвтоЖолдың” мәліметінше, күн қатты ыстық болғандықтан тас жолдың көтеріліп, жарылып кеткен.
Қаз
Рус






