Қызылордадағы жалдамалы пәтерде бір топ адам оқ атқан

372

Қызылордада бір топ адам төбелесіп, тұрғын үй ауласында бір-біріне оқ атқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


13 мамыр күні таңғы сағат 7 шамасында ПБ-ға көпқабатты үй ауласында белгісіз азаматтар қару қолданып, төбелесіп жатқандығы туралы хабарлама түскен.


Жалдамалы пәтерде бірнеше таныс азамат бір-бірімен сөзге келіп қалып, кейін пышақ және травматикалық қару қолданып, жанжалдасып, барлығы оқиға орнынан бой тасалағаны белгілі болды.


Екі күдікті қала аумағында ұсталса, тағы екеуі автокөлікпен Самара-Шымкент тас жолында құрықталды.


Қалған күдіктілерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталғандар Шымкент қаласының және Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты.


Оқиға орнынан және автокөліктен айғақты заттар алынды. Екі адамға медициналық көмек көрсетілді.


ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.