Ақылы жолда асфальт жарылып, көліктер зақымданды

1 538

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: “ҚазАвтоЖол”Желі қолданушылары Астана – Павлодар бағытындағы ақылы автожолдың бүлінген тұстарын көрсететін фото және видеоларды жариялады. Бейнематериалдардан асфальттың көтеріліп, жарылғаны, сондай-ақ кейбір жерлерде бетон жамылғысының опырылып қалғаны анық байқалады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бүлінген жолдың кесірінен бірнеше автокөліктер зақымдалған. Көлік жүргізушілерінің айтуынша, жолдағы апаттық жағдай 12 маусым күні пайда болған.

“Екібастұзға жетпей тас жол күннің ыстығынан көтеріліп кеткен. Көліктің алдыңғы бөлігі зақымданды, қауіпсіздік жастығы ашылды. Жолда абай болыңыздар, бетон көтеріліп кеткен", – деп көлік жүргізушісі басқаларды ескертті.

“ҚазАвтоЖолдың” мәліметінше, күн қатты ыстық болғандықтан тас жолдың көтеріліп, жарылып кеткен.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.