Медицина қызметкерлері 61 жастағы ер адамды аяусыз соққыға жыққан

1 511

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скринӘлеуметтік желіде Қостанай қаласындағы Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында болған оқиғаның бейнежазбасы жарияланды. Видеода орталық қызметкерлерінің бір пациентті асқан қатыгездікпен ұрып-соққаны көрінеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, жанжал ер адамның ғимарат ішінде шылым шегуінен басталған. Видеода бір қызметкер пациентті ұстап тұрғанда, екіншісі оның басына шылымын тигізіп, күйдіріп өшіргені байқалады. Ары қарай ер адамды жерге құлатып, аяусыз тепкілеген. Олар науқастың басынан теуіп, денесін ұрған.

Соққының салдарынан ер адам ауыр жарақат алды: бірнеше қабырғасы сынған және оң бүйрегі жыртылып кеткен. Дәрігерлер ағзаны алып тастауға мәжбүр болған.

Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша қылмыстық іс шілде айында қасақана ауыр дене жарақатын салу бабы бойынша тіркелгенін мәлімдеді.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Жақын уақытта қылмыстық іс материалдары сотқа жолданады», – делінген ведомство хабарламасында.

 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.