Ауруханада қарындасы ағасына бауырын беріп, өмірін сақтап қалды

1 521

Фото: ©instagram.com/okb_turkestanТүркістан облыстық клиникалық ауруханасында қарындасы ағасына бауырын беріп, өмірін сақтап қалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап. (Видео)

Облыстық клиникалық ауруханада сәтті өтті. Бұл - аталған медициналық мекемеде жасалған үшінші осындай күрделі ота. Операция жоғары білікті мамандардың, соның ішінде тәжірибелі хирург Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен жүргізілген.

41 жастағы науқасқа бауыр циррозы диагнозы қойылып, MELD көрсеткіші 16 балды құраған. Соңғы алты айда оның жағдайы күрт нашарлап, портальды гипертензия, асцит және басқа да асқынулар пайда болған. Жүргізілген ем-дом нәтижесіз болғандықтан, дәрігерлер трансплантацияны өмірін сақтап қалудың жалғыз тиімді жолы ретінде қарастырған. Донор ретінде науқастың 20 жастағы туған қарындасы келісім берген. Ол барлық қажетті медициналық тексерулерден өтіп, донор болуға қарсы көрсетілімдер анықталмаған.

Операцияны А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы мен облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлерінен құралған бірлескен мамандар тобы жүзеге асырды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты. Отадан кейінгі кезең қалыпты өтіп жатыр, трансплантацияланған бауырдың қызметі біртіндеп қалпына келуде. Мамандардың айтуынша, мұндай жоғары технологиялық операциялар өңірде трансплантология саласының дамып келе жатқанын көрсетеді және күрделі медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік бермек.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.