Қызылордада VIP санаттағы 674 мемлекеттік нөмір рәсімделген

156
2022 жылы Қызылордада автокөліктің VIP санатындағы 674 мемлекеттік нөмір рәсімделген,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.  


Нәтижесінде қазынаға 179 млн 411 мың теңге табыс түскен. Облыс тұрғындары VIP нөмірлер ішінде 077, 707 және 070 нөмірлеріне көп тапсырыс берген.

«Облыс тұрғындары VIP нөмірлер ішінде 077, 707 және 070 нөмірлеріне көп тапсырыс берген. Қызылорда облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандандырылған бөлімінде өткен жылы 36 мың 98 көлік құжаттары рәсімделген. Қазіргі таңда азаматтар көлік сатып алу және сату кезінде көбіне банк қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметке тапсырыс береді. Өткен жылы аталған банк қосымшасымен 20 мың 243 көлік құжаттары әзірленген», - деді «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Аида Әбибуллаева.

Айта кетейік, былтыр «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы 2 мың 300 адам көлік жүргізу куәлігін алған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.