Лас ыдыс, сүйек, жәндік: Балабақшада санитарлық талаптар орындалмаған

1 650

Фото: Видео скриншотӘлеуметтік желіде Талдықорған қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар өрескел бұзылған видео жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Желіде тараған видеодан балаларға сапасы өте төмен тағам беріліп жатқаны анық көруге болады.

Видео авторының айтуынша, балабақшада балаларға құрт түскен ас пен күйіп кеткен тоқаш ұсынылған. Лас ыдыстар, ал оның үстінде жәндіктер жүр. Ет орнына  сүйек берілген. 

Талдықорған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының хабарлауынша, жарияланған видеоға байланысты Жетісу облысы бойынша Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің департаментінде жоспардан тыс тексеріс тіркелген.

— Тексеру нәтижесінде жауапты тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады, — делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.