Жаздың алғашқы айында Қазақстанның үш облысында құрғақшылық болады деп болжануда

340

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Маусым айында Қазақстанның үш облысының кей аумақтарында құрғақшылық болады, дейді "Қазгидромет",- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.



"Алдын ала болжамға сәйкес, маусым айында республиканың басым бөлігінде құрғақшылықтың туындау ықтималдығы төмен, негізінен ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтілуде. Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында бірқалыпты құрғақшылық болжанады. Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында қатты құрғақшылық болады", - дейді бейсенбі күнгі жарияланған жазбада.


"Қазгидромет" мәліметінше, қолайлы орташа ылғалды жағдай Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында және Түркістан облысының Сайрам ауданында болады деп күтілуде.
"Құрғақшылықтың қарқындылығы мен әсері, Қазақстанның әр аймағында әр түрлі көрінеді. Қызылорда және Маңғыстау облыстары агроклиматтық аудандастыруға сәйкес, VIII агроклиматтық аймаққа жатады және құрғақшылыққа ұшыраған өте құрғақ, ыстық аймақ ретінде сипатталады
", - дейді синоптиктер.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.