Ата-анасын қарттар үйіне өткізгендерді айлығының жартысынан айыру ұсынылды

1 377

Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков ата-анасынФото: pixabay.com қарттар үйіне өткізген қазақстандықтар жалақысының 50%-ын әке-шешесіне аудару керек деген ұсыныс айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

“Ата-анасын қарттар үйіне тапсырғандар қараусыз қалған ата-аналарының есепшотына тапқан жалақысының 50%-ын аударуға міндеттеу керек. Әрине, бұл қаражат ата-анасына деген құрметке тең келмейді. Дегенмен, материалдық өтем болу керек”, – дейді депутат Таңсәуле Серіков.

Осы тұста қазақстандықтардың пікірі екіге бөлінді.

“Балалары болғандықтан ата-анасының жағдайын қамтамасыз ету керек. Өздері қарай алмаса, қарттар үйіне жіберсін. Онда айлығынан беруге міндетті. Мұнымен толықтай келісемін”, “Меніңше, дұрыс. Олар міндетті”, “Егер анамды қарттар үйіне өткізсем мен ақшамен қамтамасыз етуге міндеттімін. 50%-ын алсын”, “Меніңше, бұл дұрыс емес. Қазір жастарға онсыз да қиын”, “Ондай балаларды атып тастау керек”, – дейді сауалнамаға жауап бергендер.

Сондай-ақ депутат жасы 70-тен асқан қариялардың атында жылжымайтын мүлік болса, оны өзге адамдарға рәсімдеуге тыйым салу қажет деп санайды. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.