Қызылордада таза ауыз су беріледі ме?

2 013
Қызылорда қаласында ауыз су мәселесі әлі де өзекті. Тұрғындар ауыз­су құбырынан су ішуге қорқып отыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
 


«Айта айта Алтайды, Жамал апай қартайды» демекші бүгінгі көтерер мәселеміз – жыл сайын айтыла-айтыла жауыр болған, десе де өз өзектілігін жоғалтпаған ауыз су мәселесі.


Қорқатындай жөні бар. Өйткені еліміздегі 33 су айдынының суы не ішуге, не өндіріске жарамсыз. «Қазгидрометтің» Экологиялық мониторинг департаменті мамандары жер үсті және жер асты суларының сапасы сын көтермейтіні былай тұрсын, жылдан-жылға ластанып бара жатқанын айтып, дабыл қаққан болатын.


Табиғаты талайды тамсандырып, суы мөлдір сұлу Сырдың жерінде халық таза суға зар болып отырғаны талай жылдан бері жыр болып келеді. Алайда аймақтағы атқамінерлер мен жауапты органдар да тіршілік көзінің сапасы төмендеп бара жатқанына алаңдап жатқаны шамалы. Мәселен, Қызылорда облысының халқы ауызсуға жарымай отырғанына жырақтағы халық сенбеуі де мүмкін. Бірақ облыс орталығының тұрғындары краннан ағатын суды ішуге қорқады. Амалдың жоқтығынан қымбат болса да, арнайы сүзгі аппараттарын орнатып, қалғандары күнделікті су сатып ішеді. Судың сапасыздығынан орнатқан сүзгілерін де жарты жылға жетпей ауыстыруға мәжбүр болады екен.


«Мен Арай мөлтек ауданынында Аққайың көшесінде тұрамын. Үйімізде ағатын су сары түстес. Ішуге қорқамыз.»,- дейді Тулебай Раушан.

 
«Не деген маскара, болашақ балдар не болады мына суды ішіп? Өзім үйдегі фильтрді 25-күн сайын ауыстырып отырамын.»,- дейді Жадыра.

Ал, сала мамандарының берген ресми ақпаратына сүйенсек,


«Қызылорда су жүйесі» МКК мамандары Instagram әлеуметтік желіден келіп түскен мәліметке байланысты Арай тұрғын ауданы Сырдария көшесі бойында орналасқан тұрғын үйлердің ауыз су сапасын тексеру барысында, тұрғындардан ауыз су сапасына қатысты шағым жоқ екендігі анықталды. Қазіргі уақытта аталған көшеге ауыз су қалыпты берілуде.»,- делінген хабарламада.

Үйіңіздегі ауыз су мәселесіне көңіліңіз тола ма?