«Шымкент-Қызылорда» жол бойында ақылы қызмет көрсету нысаны ашылды

152

«Самара – Шымкент» күре жолы «Шымкент – Қызылорда» ақылы учаскесінің бойында жаңадан қызмет көрсету нысаны ашылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, нысан жеке инвестициялар есебінен салынған.


Модульдік типтегі павильон ерлерге, әйелдерге және ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған абаттандырылған санитарлық-гигиеналық тораптардан, душ кабинасынан және сауда алаңынан тұрады.


Биыл 70-тен аса жаңа жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысандарын ашу көзделіп отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.