Алматыда жаңадан салынған үйдің сүрілуіне байланысты 200 отбасы далада қалуы мүмкін
231
Алматыда сот құрылысы 70%-ға аяқталған "Жайсан" тұрғын үй кешенін сүру туралы шешім шығарған. Алайда 200 отбасы далада қалуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.
"Өткен жылы келісімшартқа қол қойып, ақшасын төлеп келеміз. Нысанды қалай сүруге болады? Құрылыс жұмыстары 70%-ға аяқталған. Мен осыны түсінбеймін", – дейді Олег Береговой.
Мұндағы отбасылар пәтер алу үшін 10 миллион теңгеден 30 миллион теңгеге дейін төлеген. Алайда құрылыс жұмыстары тоқтатылыпты. Шенеуніктердің сөзінше, мұнда тек бір корпусты салуға рұқсат берілген. Ал қалғандары заңсыз салынған. Дегенмен құрылыс компаниясы мұндай уәжбен келіспейді.
"Бір құрылыс компаниясымыз және қазір жер телімінің иесіміз, себебі жеке сот орындаушысы арқылы жерді сатып алдық. Сот шешіміне сәйкес қазір нысандарды толық сала алмаймыз. Сот шешімін заңсыз деп есептеймін", – деді "Маяк лтд" ЖШС филиалының директоры Марат Тарғұлов.
"Іс материалдарында құзырлы органдар жіберген өрескел қателіктер бар. Біріншіден, Алматы қаласының әкімдігі. Екіншіден, құрылысты бақылау басқармасы, Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы, сәйкесінше сот та өрескел қателік жіберген. Қазіргі заңға сәйкес эксиздік жобасыз үйді сүруге болмайды. Себебі базада эскиздік жоба мақұлданған", – деді "Жер аманаты" комиссиясы төрағасының орынбасары Бақытжан Базарбек.