Үй өртеніп, бес жасар бала қайтыс болды

426

Тілсіз жаудың салдарынан 5 жастағы бала қайтыс болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Өрт оқиғасы Ақмола облысы Степногорск маңындағы Байқоныс ауылында таңғы сағат жетінің шамасында болған. 

"85 шаршы метр аумақта орналасқан екі бөлмелі үйден өрт шықты. Үйде бес адамнан тұратын отбасы тұрған. Отағасы әйелі мен екі баласын от жалынынан алып шыққан. Өкінішке қарай, 2016 жыл туылған үлкен ұлы қаза тапты. Күйік шалған ер адам Степногорск облыстық ауруханасына жатқызылды", – деп мәлімдеді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Өрттің шығу салдары анықталуда.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.