Қолдан жасалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жүргізуші ұсталды

1 513

Фото:© Ашық дереккөзЕкібастұзда полицейлер мемлекеттік тіркеу нөмірінің орнына қолдан жасалған картон белгі таққан көлікті тоқтатты. Анықталғандай, жүргізуші нөмірді қара маркермен өзі жазып шыққан екен,-  деп жазады Opennews.kz ақпарттық агенттігі egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, көлік бірден күдік туғызған. Тексеру барысында ресми мемлекеттік нөмірдің орнына картоннан қиылып, маркермен жазылған жалған белгілер орнатылғанын анықтаған.

Елімізде жалған нөмірмен жүрген 900-ден астам жүргізуші ұсталған.

Екібастұз қалалық полиция басқармасы жүргізушінің заң талаптарын бұзғанын хабарлады.

«Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды», деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Жалған нөмір таққандар енді түрмеге жабыла ма? Депутат қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды.

Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттер заңға қайшы екенін ескертіп, қолдан жасалған нөмірлерді пайдалануға ешқандай жағдайда жол берілмейтінін атап өтті.  Жүргізушінің ісі сотта қаралады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.