ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЕРЕКШЕ» БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
389

Аталған қор 2019 жылы «Әрекет» жобасы аясында өз жұмысын бастаған. Ал, биыл материалдық-техникалық базасын жаңарту және негізгі құралдармен жабдықтау бойынша ғимарат ауданын кеңейтті. Сондай-ақ, аталған мекемеде «Қараңғы сенсорлық бөлме» және «Күрделі ырғақ логосы» сынды инновациялық жабдықтары бар екі кабинет ашылды. Онда емдеу шаралары педагогикалық түзету логопед-дефектолог пен психолог-педагог мамандарының диагноз қоюынан кейін жүргізіледі.

-Біз балаларды әлеуметтік тұрғыдан бейімдеуге және олардың толыққанды өмірін қалыптастыруға көмектескіміз келеді. Осы тұста, «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз, - деді «Розалия және Эмир» жеке қорының жетекшісі Розалия Рахимова.
Орталықта дипломы бар мамандар жұмыс істейді: логопедтер, дефектологтар, психологтар, ЕДТ-мамандар, АВА-терапевттер. Орталықтың педагогикалық қызметкерлері күнделікті өмірге дайындау үшін балалармен түзету, дамыту, оқыту жұмыстарын жүргізеді. Сабақтар қажетті дидактикалық, педагогикалық және спорттық құрал-жабдықтары бар бірнеше оқу кабинеттерінде өтеді.
