25 қазан – Республика күні: Қазақстандықтар үш күн демалады
2025 жылы Қазақстанда ұлттық мереке – Республика күні 25 қазан, сенбі күніне сәйкес келеді. Осыған байланысты мереке демалысы келесі жұмыс күніне, яғни 27 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Осылайша, бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 25, 26 және 27 қазанда демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасында демалыс тек 25 және 26 қазанмен шектеліп, 27 қазан – жұмыс күні болып қала береді.
2025 жылғы қазан айының жұмыс және демалыс күндері:
5 күндік жұмыс аптасында: 9 демалыс күні, 22 жұмыс күні;
6 күндік жұмыс аптасында: 8 демалыс күні, 23 жұмыс күні.