Нұр-Сұлтанда 47, 2 млрд теңгеге жаңа университет салынбақшы

250
Нұр-Сұлтанда  Ұлттық спорт университеті бой көтереді, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Мият Кәшібай өзінің телеграм-арнасында жазған. Оның зерттеуінше, жаңа университет "Астана қаласындағы олимпиадалық дайындық орталығы" көп функционалды спорт кешені" базасында бой көтереді. Жоспарға сәйкес, университет құрылысы 2024 жылы аяқталуы тиіс екен.

Айта кететін жайт — 47,2 млрд теңге университет ғимаратының негізгі құрылысына жұмсалады. Ал ғимараттың сыртқы инженерлік желілерін жүргізуге қанша қаржы бөлінетіні әлі белгісіз.
Университет құрылысын жүргізетін компания ашық конкурс арқылы анықталмақ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.