Димаш Құдайберген мемлекеттік тілге қарсы пікір білдірген сарапшыны сынға алды

1 454

Фото: Stan.kzҚР халық әртісі Димаш Құдайберген мұнай және энергетика саласының сарапшысы Олжас Байділдиновке шүйлікті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Байділдинов басы тағы да дауға қалды. Ол ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында соңғы уақытта қоғамда мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қолданылу ауқымы артып келе жатқанын айтады. Айтуынша, қазақстандық БАҚ-тың 60 пайызға жуығы қазақ тілінде болса, орыс мектептерінде бағдарламалардың 30 пайызы ғана орыс тілінде көрінеді. Ал мектептердің 70 пайызға жуығы қазақ тілінде оқытылады екен.

Сөзінше, қазақ тілінің танымалдығының артуы кейбір топтарды алаңдатып отыр. Ол тіпті, “қазақ тілін көп адам сөйлей бастағаны үшін шара қолдану керек” деген пікір білдірді. Сондай-ақ сарапшы Ресей елімізде бұрынғыдай өз мектептерін құруы керек деп есептейді. Бірақ бұл ішкі қарсылық тудыруы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігіндегі жастар енді орыс тілін әрең сөйлейді, бұл миграцияға әсер етеді. Біз мигранттардың сапасының қалай төмендеп жатқанын көріп отырмыз дейді ол. Бұл мәлімдеме қоғамда тағы резонанс тудырып, әнші Димаш Құдайберген пікір білдірді. 

"Біз, қазақтар, әлемнің барлық тілдерін құрметтейміз. Бірақ құрмет өзіңнен басталады. Өз тілінен ұялып, өзгенің мақұлдауына ұмтылған адам сөзін емес – тамырын жоғалтады. Олжас, сен сияқты арандатушыны жұмыстан шығарады деп үміттенемін, өйткені сен қорқақ кішкентай бала сияқтысың. Сен қазақша білмегендіктен қазақ тілінде жазбадым", – деп жазды Димаш Құдайберген.