Қолшатыр үшін жарты миллион теңге: Ақтөбе әкімдігі қазына ақшасын қайда жаратып жүргенін түсіндірді
250
Ақтөбелік шенеуніктер бүкіл халыққа күннен қорғайтын 50 қолшатырды не себепті алғанын түсіндіруге мәжбүр болды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
"Шынымды айтсам, білмеймін. Мұндай ақпаратты естіген емеспін. Әрине, бұл сұрақтар бойынша барлығын тексеретін боламын. Менің ойымша, бұл шындыққа жанаспайтын секілді", - дейді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.Алайда, белгілі болғандай, тапсырыс шынымен берілген. Және тапсырыс беруші облыс әкімінің аппараты болып шығады. Әкімнің орынбасары тіпті сатып алынған тауарларды жеке өзі көріп шыққан. Олар екі түріне тапсырыс бергені анықталды: бірі – екі адамға лайықталған ағаш сабы бар қолшатыр болса, екіншісі – қарапайым жиналмалы. Тек іскерлік саналатын қара түстілерін сұратқан. Шамасы, шенеуніктің киім үлгісімен бір түсте болғанын қаласа керек. Нәтижесінде 50-нің барлығы сатып алынған.
Бірақ тапсырыс беруші көп нәрсені үнемдегеніне сендіргісі келеді. Барлығын жеңілдікпен 195 мың теңгеге сатып алынған. Үш жылдан кейін шенеуніктер оларды тағы да жаңалауды көздеп отыр. Ал сатып алынғандары қазірдің өзінде кәдеге жарап үлгерген.
"Біз ол қолшатырлармен жақында ғана келіп кеткен премьер-министрді күтіп алдық. Келген делегацияны өзіміз қарсы алдық. Әрине, ауа райына байланысты. Олар тек ғимараттардың ішінде ғана жүрмейді ғой. Келушілер нысандарды аралайды, алқаптарды көреді. Сол себепті де қолшатырлар жиі сынып қалады", - деп түсіндірді Ақтөбе облысы әкімдігі аппаратының басшысы Мейрам Әуелбеков.