Дәрігер қателігінен әйел жатырынан айырылды

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИӘйел миомасын алдыру үшін ауруханаға барған, алайда операциядан кейін жатыры, аналық бездері және ішегінің бір бөлігінен айырылған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Краснодар тұрғыны Ирина жоспарлы операция үшін 30 мың рубль төлеген. Ол денсаулығын жақсартып, екінші баласын дүниеге әкелуді жоспарлаған екен. Алайда операциядан кейін бірден әйел тоқтаусыз қатты құса бастаған. Дәрігерлер оның шағымдарына тиісті назар аудармай, алты күннен кейін ауруханадан шығарып жіберген.

Үйіне оралған соң Иринаның жағдайы одан әрі нашарлаған. Ол ауыр халде басқа ауруханаға жеткізілген. Сол жерде алғашқы операция кезінде оның ішегінің күйдіріп зақымдалғаны анықталған.

Салдарынан дәрігерлер әйелдің ішегінің бір бөлігін, жатырын және аналық бездерін алып тастауға мәжбүр болған. Сондай-ақ оған алты айға стома қойылған. Енді Ирина өмір бойы дәрі-дәрмек қабылдауға мәжбүр. Оның айтуынша, ауырсынуы әлі күнге дейін басылмаған.

Хирург өз кінәсін мойындап, науқасқа 530 мың рубль аударған. Алайда қылмыстық жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі өтіп кеткендіктен, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылған. Хирургтің айтуынша, қазір ол аталған ауруханада жұмыс істемейді.

Ал аурухана Иринаға екі миллион рубль көлемінде өтемақы төлеген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.