Мекеме басшылығы жалған құжат жасап, мемлекеттік мүлікті жымқырған

1 641

Фото: alau.kzЖамбыл облысында "Таза-Талас" ШЖҚ КММ-і басшылығы мемлекеттік мүлікті жымқырғаны үшін сотталды,  - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Талас ауданының прокуратурасы "Таза-Талас" ШЖҚ КММ-нің теңгерімінде тұрған автокөліктерді жымқыру фактісін анықтады. Мекеме басшылығы жалған құжаттар негізінде, сатылымға шығарусыз 4 автокөлікті үшінші тұлғаларға сатқан.


Мемлекетке келтірілген залал мөлшері - 22 млн теңге. Бұл дерек негізінде Талас ауданының прокуратурасы ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ipi мөлшерде талан-таражға салу фактісі бойынша) сотқа дейінгі тергеп тексеру бастаған.


Қылмыстық іс, облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен тергелді.


Іс шеңберінде прокуратурамен құны 10 млн теңгені құрайтын 2 автокөлік қайтарылып, 7 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілді. Талас аудандық сотының 2024 жылғы 13 маусымдағы үкімімен "Таза-Талас" мекемесінің директоры және оның орынбасарына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.