Бір ай бұрын Жамбыл облысында жоғалған сарбаздың денесі Қырғызстаннан табылды
326

19 жастағы жауынгер Ұлықбек Бердішевтің жоғалғаны туралы хабар 2 наурызда таралған еді. Оның мәйіті Қырғызстандағы таулардан табылды.
Сол маңдағы қойшы әскери киімдер тапқанын шекарашыларға хабарлаған. Киім ізімен барған туыстары жартастың ұшар басында ілініп тұрған Ұлықбектің денесін көрді”, – деп жазды журналист.
Енді сарбаздың өлімінің себептері арнайы әскери сот-сараптама анықтайды.
Еске салсақ, сарбазды соңғы рет оның қаруласы көрген екен. Жас жауынгер 2 ақпанда күндізгі екілер шамасында ат қораны тазалауға шыққан екен. Кейін сарбаздар сапқа шақырылғанда арасында Ұлықбек жоқ болған. Дереу дабыл қағылып, оның туыстарына да хабар айтылған.