Қазақстанда тағы қай бағыттағы жолдар ақылы болады?
465
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 2025 жылға дейін елімізде қай бағыттағы жолдар ақылы болатынын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство басшысы бүгінде ақылы учаскелердің ұзындығы 2,2 мың шақырымды құрайтынын атап өтті. Жыл басынан бері жалпы алымдар 4 млрд теңгені құраған.
Айта кетерлігі, жеңіл көліктер үшін тариф 1 шақырымға 1 теңге болса, жүк көліктері үшін 1 шақырымға 25 теңге тұрады.
Мәселен, МИИР мәліметі бойынша, Қызылорда – Арал, Ақтөбе – Орал, Ақтөбе – Орынбор, Қайнар – Бішкек, Жетібай – Шетпе – Бейнеу – Ақжігіт, Павлодар – Семей, Солтүстік айналма – Астана, Орал – Саратов, Көкшетау – Петропавл, Астана – Атбасар, Павлодар – Омбы, Семей – Қалбатау жолдары ақылы болмақ.

«Жолдарды одан әрі өзін-өзі ұстауға көшіру үшін ұзындығы 2,5 мың шақырымды құрайтын ІІ санаттағы жол учаскелеріне стандартты жағдайға келтіргеннен кейін ақылы ету жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді министр.
Мәселен, МИИР мәліметі бойынша, Қызылорда – Арал, Ақтөбе – Орал, Ақтөбе – Орынбор, Қайнар – Бішкек, Жетібай – Шетпе – Бейнеу – Ақжігіт, Павлодар – Семей, Солтүстік айналма – Астана, Орал – Саратов, Көкшетау – Петропавл, Астана – Атбасар, Павлодар – Омбы, Семей – Қалбатау жолдары ақылы болмақ.
«Жалпы, 2025 жылға дейін жол учаскелерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін 11 мың шақырымға кезең-кезеңімен ақы төлеу жүргізіледі», - деп қосты Қайырбек Өскенбаев.