Еліміздің мектептерінде мұғалімдер мен оқушыларға ұялы телефон пайдалануға тыйым салынбақ

606
Сабақ барысында мұғалімдер мен оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығы “Ашық НҚА” порталында жарияланған бұйрығында айтылған. Жоба 28-наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады. 

Мұғалімнің шешімі бойынша сабақта оларды қолдану қажеттілігін есепке алмағанда, білім алушылар мен педагогтар сабақтарда мобильді байланыс құралдарын пайдаланбайды, - делінген құжатта. 

Сонымен қатар бұйрықта оқушыларға ата-ана мен ұстаздың қай кезде жауапты болатыны, әрі тәртіп бұзған жағдайда қандай шара көзделетіні жазылған. 

Білім алушылар білім беру ұйымынан тыс болған кезде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері жауапты болады. Білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін және білім беру ұйымынан тыс жерде өткізілетін оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік білім беру ұйымы басшысының бұйрығына сәйкес педагогтерге жүктеледі. Білім алушы теріс қылықтар жасаған, мектептің ішкі тәртіп қағидалары талаптарын бұзған кезде оны сабақтардан шеттетуге, сондай-ақ ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қасында еріп жүруінсіз білім беру ұйымынан шығаруға жол берілмейді, - деп жазылған жобада. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.