Жанармай бағасы реттелмейді - министр

341
Жанар-жағармай бағасының өсуіне қатысты пікір білдірген энергетика министрі Мағзұм Мирзағалиев бензин мен дизель отынының бағасы реттелмейтінін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жанар-жағармай бағасы реттелмейді. Реттеу мүмкін емес. Биыл дизель отыны тапшы. Оның бір себебі – көрші елдермен салыстырғанда бағадағы айырмашылық. Баға бойынша қазір жүйелі өзгерістерді әзірлеп жатырмыз және ең маңыздысы мынада:
  • біріншіден, қазір үш мұнай өңдеу зауытында жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, олардың шарттарын анықтау керек;

  • екіншіден, материалдық-техникалық резерв базаны қалыптастыру;

  • үшіншіден, жанар-жағармайды бақылау, әрбір мұнай базасында тиісті құрал-жабдықтармен жарақтандыру қажет", – деді сенаторлар сауалдарына жауап берген энергетика министрі.

Мирзағалиев жыл аяғына дейін жарияланған жоспарлар бойынша тиісті өзгерістер енгізілетінін айтты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.