ШАРУАШЫЛЫҚ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Егінші қауымның ала жаздай күтіп-баптаған егіндерін шашпай жинап, ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрлерінен жоғары өнім алу аудан халқы үшін маңызды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов шаруашылық басшыларымен кездесіп, ауа-райына байланысты тиісті жұмыс жасау қажеттігін айтты.
Жылды қорытындылаумен қатар, егістікті суару үшін пайдаланылған су мөлшеріне сәйкес берешектігі бар шаруашылықтар қарыздарын мерзімінде толық өтеу тапсырылды.
Сондай-ақ, аудан бойынша шаруашылық басшыларын үлескерлердің алдында есеп беру, сонымен қатар ауылды көркейту көгалдандыру жұмыстарына да үлес қосуға шақырды.
2024 жылы орналастырылған 37676 га ауылшаруашылығы дақылдарын, оның ішінде 19800 га күріш дақылын ауа райының қолайлы кезеңінде уақытылы жинап алу қажет екендігін атап өтті.