Мопед жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, қашпақ болған

1 585

Фото: Арман МухатовАтырауда мопед жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, соңынан қуудан құтылмақ болды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Абайсыз жүргізушінің «шытырман оқиғалары» камераға түсіп қалған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жол-көлік оқиғасы 8 сәуір күні тіркелген.


«Жүргізуші бейнебақылау камералары арқылы анықталды. 2007 жылы туған жасөспірім реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатып, оқиға орнынан қашып кеткен мопед жүргізушісі оны қағып кетті. Біз бұл фактіге қатысты тиісті құжаттарды жинап жатырмыз. Осыған байланысты Атырау қалалық ІІБ ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларға қатаң әрі жауапкершілікпен қарау керектігін ескертеді», — деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Ал, мопед жүргізуші полицейдің тоқтату талабын елемеген. Қудалау нәтижесінде жүргізуші мен оның жолаушысы 17 жастағы жасөспірімдер екені белгілі болды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.