990 адамды бір бөлмелі пәтерге тіркеген

1 523

istockphoto.comАлматы қаласының прокуратурасы азаматтарды заңсыз тіркеген заңсыз көші-қон фактісін анықтаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Наурызбай ауданында тұратын пәтер иесі сыйақыға 990 адамды бір бөлмелі пәтерге тіркеген. Ол адамдар шын мәнінде ол пәтерде тұрмаған.

Наурызбай ауданының прокуратурасы ҚР ҚК-нің 394-бабымен (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) тіркеген қылмыстық іс бойынша сот «Резеңке пәтердің» иесіне қатысты айыптау үкімін шығарып, 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған. 

Қала прокуратурасы қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты болдырмау мақсатында көші-қон заңнамасын сақтау қажеттігі туралы ескертеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.