Шараға 700 жас қатысты

1 518

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі"Заң мен тәртіп" нейротив аясында және ҚР ҚМА төрағасы Ж.Элимановтың бастамасымен Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті өңірдегі жоғары оқу орындарының студенттерімен жиын өткізді, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында заңсыз қаржылық әрекеттерге, соның ішінде «дроппер» ретінде қолданылуға жол бермеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және студенттерді белсенді азаматтық ұстанымға шақыру болды.

«Дроппер» дегеніміз – өз дербес деректерін немесе банк шоттарын үшінші тұлғаларға беріп, алаяқтық схемаларға бейсаналы түрде қатысатын тұлға. Кездесу барысында департамент басшысы Аслан Кеңесұлы арнайы дәріс оқып, жастарға қауіпсіздіктің алдын алу,  мұндай әрекеттердің заң алдындағы жауапкершілігі жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Сонымен қатар, студенттер арасында Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен өткізілетін республикалық олимпиадаға қатысуға шақырды. Олимпиаданың мақсаты – жастардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күресте белсенділік таныту.

Кездесу барысында студенттер өз сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті және жастар тарапынан қызығушылық тудырды.

Қызылорда облысы бойынша

экономикалық тергеп-тексеру

департаменті


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.