Бес мыңнан астам әскери қызметшінің несиелік төлемі кейінге қалдырылды

1 374

Елімізде 5 мыңнан асам әскери қызметшілердің 1,4 млрд теңге несиелік төлемі кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің бастығы Айдын Сағынбеков әскерилердің әлеуметтік жағдайын жақсарту шаралары туралы айтты. 


"Президент тапсырмасымен қорғаныс ведомствосы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мерзімді әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мерзімді әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру бойынша жұмысты жүргізуде. Бүгінгі таңда мерзімді әскери қызметшілерге кредиттік демалыс ұсыну шаралары іске асырылуда", – деді Айдын Сағынбеков Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


Спикердің айтуынша, 2022-2023 жылдары аралығында 8,5 мың әскери қызметші банктер мен микроқаржылық ұйымдарынан 3,2 млрд теңге сомасына 20,3 мың несие алған. Бүгінгі таңда 8 800 қарыз бен микронесиелер бойынша 5 мыңнан аса әскери қызметшінің 1,4 млрд теңге төлемдері кейінге қалдырылды.