Аптап ыстыққа қалай төтеп береміз?
427
Бүгін Қызылордада +42 +44℃ дейін күннің ысуы орын алады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі, Қазгидромет қызметіне сілтеме жасап.
Адам тыныс ала алатын ең жоғары температура шегі 116 градус болғанымен, жаздағы +30 градус ыстыққа төтеп берудің өзі оңай емес. Жаз айларында тымырсық ауада тыныс алу, әсіресе қала тұрғындары үшін ауыр: асфальт, көлік түтіні, көпқабатты ғимараттар. Шілденің шіліңгір ыстығы бүгінгі күні бәрімізді әбігерге салуда. Сонымен күннің ыстығы адам ағзасына қалай әсер етеді?
Ыстық ауа-райы жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық гипертензиясы бар, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін өте қауіпті.
Ал, қапырық күн ауаның құрғауына, нәтижесінде оттегінің жетіспеушілігіне алып келеді. Жастар үшін мұндай өзгеріс аса қатты қиындық тудырмайды: олардың денесіндегі термореттегіш механизмзі тиімді жұмыс істейді. Ал, жас ұлғайған сайын ыстық ауа райы азапқа айналатындығы жасырын емес. Сол себепті мамандар қарт кісілерге бас киімсіз далаға шықпауын, күн сәулесі тиюден сақ болу үшін күндіз қарт адамдар мен балалар серуендеуден бас тартқаны жөн, деп ескертеді.
Күн ысыған сәттен бастап, тершеңдік өрши түседі. Қанша жерден адамға жағымсыз әсер етсе де, бұл үрдіс адамның ағзасы үшін қажет. Ол ағза жұмысын бір қалыпқа келтіріп, денені салқындатуға әсер етеді. Дегенмен, тершеңдік қаншалықты пайдалы болса, оның зияны да соншалықты. Термен бірге денеден тек сұйықтық қана емес, пайдалы тұз бен минерал да шығады. Соның ішінде, зат алмасу үрдісіне пайдалы калий мен магнийдің шайылуы байқалады. Адам күн ыстықта белсенді қимылдаған сайын 5-6 литр сұйықтықтан айырылады. Минералдардың азаюы бас ауруы мен әлсіздікке алып келеді.
Күннің ыстығы тек адамның физикалық жағдайына ғана емес, психикалық денсаулығына да әсер етеді. Ғалымдар ауа температурасы көтерілген кезде адамның ашушаңдық деңгейі де артады дегенді дәлелдеген.
Одан бөлек, жоғары температура әр адамға әртүрлі әсер етеді. Бірінің бойында адреналин гормоны көбірек бөлінеді, сәйкесінше белсенді бола түседі. Ал, кейбіреуінде керісінше ноадреналин гормоны артады. Ол баяу қимылдап, асықпай ойланады әрі ұйқы маза бермейді.
Мамандар күн ыстықта денсаулықты қалай сақтауға болатындығын былайша түсіндіреді:
Сұйықтықты көбірек тұтыну: тек қана су емес, аздаған қантты шырын, шай, компот. Ал, алкогольді өнімдерден аулақ болған жөн. Сонымен қатар, жеңіл әрі кең киім киген дұрыс дейді. Синтетика материалынан мүлдем бас тартқан жөн.