Павлодарда сүйіктісімен айырылғанға көндіге алмаған ер адам жиһаз бен тұрмыстық техниканы балконнан лақтырған

251
Павлодарда ашуға булыққан тұрғын 4-қабаттың балконынан жиһаз және тұрмыстық техника сынды заттарды далаға лақтырған. Ер адамның бұл әрекетін түсіне алмаған тұрын полцицияға шағымданған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, оларға көршілердің бірі қоңырау шалған. Айтуынша, төртінші қабаттың балконынан әлдекім киім, кілем, кресло мен тұрмыстық техника сынды заттарды лақтырған.

 
"Бұл жағдай күндізгі уақытта болған. Аулада көп адам, соның ішінде балалар жүрген. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ауладағы бақша ішінен жерге лақтырылған мүліктерді тапқан. Полицейлер тәртіп бұзған ер адамның пәтеріне көтерілген және ол жабырқаулы күйде болған", - дейді Павлодар облыстық полиция департаментінен.

Құзырлы органның дерегінше, ер адам полиция қызметкерлеріне мұңын шаққан. Айтуынша, жақында бірге тұратын сүйіктісімен айырылысқан. Содан бері өзін қоярға жер таппай жүрген көрінеді.

Десе де полицейлер көршілердің тыныштығын бұзған ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, ескерту жасаған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.