Жұмыссыздықпен күрес неге нәтижесіз?
734
Қызылорда қаласында 2021 жылы «Жұмыспен қамту орталығына» жұмыс іздеуші ретінде – 12 379 адам жүгінсе, жұмыссыздыққа тіркелгендердің өзі 4 711 адам, оның ішінде басым бөлігін 2 439-ы жастарды құрап отыр. Осы орайда, қаңтар айының өзінде 2 864 азамат жұмыссыз болса, оның 1 111-і жастар. Бұл ресми ақпарат көзі болса, қоғамда тіркелмеген азаматтардың санын енді өзіңіз саралай беріңіз.
Расында кеш түскеннен көше кезіп, түрлі бұзақылыққа баратын жастардың да қарасы тыйылар емес. Осы орайда, жұмыссыз жүрген жанның бірі:
Жұмыссыздықтан үйде отырған жандардың бірі:
Жастар практикасы жобасымен жұмысқа орналасқан жастардың бірімен тілдескен болатынбыз:
Өңірімізде жастар саясатын жүзеге асырып, жастар идеологиясының қалыптасуына ден қоятын «Жастар ресурстық орталығы» КММ бар екендігін білеміз. Алайда, жастармен тығыз қарым-қатынаста болатын жастар орталығы «Қаңтар оқиғасында» бой тасалағаны тағы бар. Жыл басында орын алған оқиғада наразылық білдіруші жастардың талаптары мен ұсыныстары әлеуметтік мәселеге бағытталғандығын алға тартқан мекеме басшысы:
Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстанды» құруда жастарға қатысты жақсы бастамаларды атап өткен болатын. Сонымен қатар, 2022 жылы жастарды әлеуметтендіру мен олардың бастамаларын қолдау бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру үшін 30 миллион теңге қаражат қарастырылғандығы да мәлім. Осы орайда «Жастар ресурстық орталығы» да жастар саясатын жүзеге асырып, жастарды қолдау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізетін боламыз деп атап өтті.
Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ
«Бүгінде 153 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Оның 114-і 16-29 жас аралығындағы жастар. 2021 жылы жұмысқа тартылғандардың 119-ы мүгедектігі бар азаматтар. 2022 жылға «Қоғамдық жұмыс орындары»-1000 адам , «Жастар практикасы»-849 жасқа, «Алғашқы жұмыс орны» - 40, «Ұрпақтар сабақтастығы» сынды жоспарға 5 адамға қаражат бөлінді. Бүгінгі күні өз дәрежесінде қызмет жасап келеді»,- деді Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Жақсылық Төлегенов.
Расында кеш түскеннен көше кезіп, түрлі бұзақылыққа баратын жастардың да қарасы тыйылар емес. Осы орайда, жұмыссыз жүрген жанның бірі:
«Мен программист мамандығын оқыдым. Алайда жұмыс өтілім болмағандықтан, жұмысқа алмайды. Ал, жұмыспен қамтуға барсаң, дала сыпырушысы немесе қоқыс тазалаушы сынды қоғамдық жұмыс ұсынады. Оның үстіне айлығы да шай пұлдан нан пұлға жарытпайды – 42 500 теңге. Оның тағы аударымдарын ұстап қолыңа жобамен 36 мың теңге аласың деген. Жалақысы аз ал, жұмысы ауыр. Ондай жалақымен сілем қатқанша жұмыссыз жүргенім дұрыс»,- деді Нұржігіт Ержігітұлы.
Жұмыссыздықтан үйде отырған жандардың бірі:
«Дипломы болғанымен өз мамандығына түсе алмай жүргендер көп. Жұмыссыз жүргендер де жетерлік. Бүгінде 2 қызым да, өзім де қазіргі таңда жұмыссызбыз. Бұрынғы берілетін жалақы 42500 теңгенің өзі жетпей, соны үйтіп-бүйтіп жеткізіп отырғанбыз. Қазір ол күнге де жете алмай қалдық. Қазір қоғамдық жұмысқа орналасуымыз да мүмкін болмай қалды.» - деді қала тұрғыны Индира Тауенова.
Жастар практикасы жобасымен жұмысқа орналасқан жастардың бірімен тілдескен болатынбыз:
«Жастар практикасының мерзімі тым қысқа. Берілген мерзім ішінде ортаға сіңісіп, енді жұмысқа бейімделе бастағанымызда 6 ай уақыттың тым жылдам өтіп кеткендігін аңғармай да қалдық. Осы орайда уақытын ұзартып не болмаса тұрақты жұмыспен қамтыса жақсы болар еді. Өйткені қазіргі күні жұмыс табу қиын. Бірі жұмыс өтіліне қараса, енді бірі жас ерекшелігіне де қарайтындығы тағы бар. Жастардың басты мәселесі жұмыс бастылық болып отыр», - деді «Жастар практикасымен» жолданған жас маман Динара Бахтиярқызы.
Өңірімізде жастар саясатын жүзеге асырып, жастар идеологиясының қалыптасуына ден қоятын «Жастар ресурстық орталығы» КММ бар екендігін білеміз. Алайда, жастармен тығыз қарым-қатынаста болатын жастар орталығы «Қаңтар оқиғасында» бой тасалағаны тағы бар. Жыл басында орын алған оқиғада наразылық білдіруші жастардың талаптары мен ұсыныстары әлеуметтік мәселеге бағытталғандығын алға тартқан мекеме басшысы:
«2022 жылы негізгі басымдықты жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу, баспана мәселесі, жастар денсаулығы, яғни әлеуметтік мәселелерге береміз. Сонымен қатар, NEET санатындағы жастармен жұмыс қазіргі қоғамның ең негізгі мәселелерінің бірі. Осы ретте, тиісті шаралар қабылданып жұмыс атқарылуда. Мүмкіндігі шектеулі жандармен, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, салауаттылықты арттыру, жас отбасылар сынды түрлі бағыттағы жұмыстар атқарылатын болады.», - деді «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Асқар Құрмаш.