Балабақша бухгалтері 12 млн теңге жымқырған
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында балабақша есепшісі 12 млн теңгені өз шотына заңсыз аударып алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
ШҚО Прокуратурасы «Катюша балабақшасы» КМҚК-ға жүргізілген тексеру барысында есепшінің 3 жыл бойы өзіне артық жалақы мен бонустық төлемдерді есептеп келгенін анықтады.
Сот үкімімен айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 3-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін) бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектелді.
Үкім толықтай заңды күшіне енді.
Қаз
Рус






